«EL UMITI» қоры» корпоративтік қорының ұйымдастырумен 2024 жылғы 23 қантар – 7 наурыз аралығында 7-9 сынып оқушылары арасында «EL UMITI Talent» атты онлайн форматта республикалық олимпиаданың қысқы кезені өткізілді.

      Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың академиялық қабілеттерін анықтау, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды даярлдау, олимпиадалық қозғалысты танымал ету.

     Олимпиада ағылшын тілі, биология, география, информатика, математика, физика, химия пәндері бойынша өтті.

     Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар облысының 15 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І орын – 8 , ІІ орын – 5, ІІІ орын -2.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts