Павлодар қаласының Ж. Тәшенев атындағы мектебінде 2024 жылғы 9 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына арналған «Жауқазын» интеллектуалды облыстық  олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада мақсаты дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек балалардың жоғары денгейдегі интеллектуалдық қабілетін айқындау, арттыру және қолдау болып табылады.

Іс-шараға өңіріміздің 92 ұйымынан 115 тәрбиеленуші қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 60 қатысушы келесі нәтиже көрсетті:  І дәрежелі дипломмен 8 тәрбиеленуші марапатталды, II дәрежелі дипломға 18 тәрбиеленуші ие болды, III дәрежелі дипломды 34 тәрбиеленуші иеленді.

 «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинациялары 55 қатысушыларға табысталды.

Қорытынды хаттама

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts