«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада).  2024 жылғы 3 мамыр – 7-8 сыныптарға сағат 10:00-де  жаратылыстану-математикалық бағыты, 4 мамырда – 7-8 сыныптарға сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің базасында (Жеңіс аланы к., 13)   өткізетінін хабарлайды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қатысушылары әр пән мен сынып бойынша аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары болып табылады.

Олимпиада өткізу ережесі «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның сайтында орналастырылған.

Қатысушыларды тіркеу: 9.00-9.30-ға дейін.

Similar Posts