«Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты 2024 жылғы 2-3 мамыр аралығында Астана қаласында өтті. Шара ұйымдастырушылары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана Дарын» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Robotek» компаниясы болды.            Чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен 200-ден астам мектеп оқушылары қатысты.            Барлығы Қазақстан Республикасынан 219 қатысушы және шетелден 16 қатысушы қатысты.            Чемпионатта 7 санат бойынша Павлодар облысын 7 команда таныстырды:

  1. «Роботек» 9-12 жас (команда «Flash 1» – Мұқыш Алмаз, Марат Асыл, дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушылары);
  2. «Инверстік сызық бойымен жарыс» 9-12 жас (команда «Абай» – Қасымжан Нұрғиса, Битасов Бектас, Ертіс ауданы Абай ЖОББ мектебінің оқушылары);
  3. «Жеткізуші робот» 10-13 жас (команда «Вертикаль» – Абдиров Тимур, Косанов Асылхан, дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушылары);
  4. «Мерген-кіші санат» 10-13 жас (команда «J75» – Назымхан Ернар, Тлеуғабыл Иманғалы, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары);
  5. «Мерген-жоғары санат» 14-17 жас (команда «J19» – Исабек Нұралы, Баян Қасиет, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары);
  6. «Туды жеткізу» 14-17 жас (команда «Bayanaul-2» – Тургынбаев Ерасыл, Нұрлыбекұлы Ерасыл, Баянауыл ауданы З.Ақышев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары);
  7. «Сұрыптаушы робот» 14-17 жас (команда «Sala kuat» – Дигай Салауат, Куатов Имангали, Павлодар қ. №25 ЖОББ мектебінің оқушылары).

         Чемпионат қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдарымен және күміс медальдарымен «J19» командасы – Исабек Нұралы 9 сынып, Баян Қасиет 10 сынып Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары иеленді. Әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts