Алматы қаласында 2024 жылғы 15-16 маусым аралағында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің базасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов атындағы математика пәні бойынша 6-7 сыныптарға арналған республикалық олимпиадасының финалы өтті.
Олимпиадаға Қазақстан республикасының барлық аймақтарынан 100 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері математиканы насихаттау, дарынды балаларды ерте анықтау және ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін және білімге қызығушылығын дамыту, оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар, математиктер және педагогтар арасындағы байланыстарды нығайту, командада жұмыс істей білу болып табылады. Командалық турнирдің негізін оқушыларды күрделі математикалық есептерді шешуге қол жетімді түрде тартатын математикалық ойындар құрайды.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен және 20.000 теңге сомасына сертификатпен «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Жандельдинов Бексұлтан марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен және 15.000 теңге сертификатына дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушылары Құрақбаев Әлихан, Уткин Николай, Дерксен Вадим, Шәріпхан Ерболат, 7 сынып оқушысы Мамжанова Томирис ие болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы