«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2024-2025 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтетінін хабарлайды (бұдан әрі – Конкурс).
Ережеде көрсетілген ұйымдастыру ретіне сәйкес Конкурс келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
Бірінші кезең – мектепшілік, білім беру ұйымдарында өткізіледі;
Екінші кезең –аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері өткізеді;
Үшінші кезең – облыстық, «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді;
Төртінші кезең – республикалық, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.
Конкурстың облыстық іріктеу (экспертиза) кезеңіне қалалық/аудандық кезең жеңімпаздары жас ерекшеліктеріне сәйкес (кіші жастағы топ – 2-4 сыныптар, ересек жастағы топ – 5-7 сыныптар) 1 секцияға бір ең үздік жұмыстан келесі 12 секция бойынша қабылданады: 1 – қазақ тілі мен әдебиеті; 2 – орыс тілі мен әдебиеті; 3 – ағылшын тілі; 4 – математика, қолданбалы математика; 5 – физика, космос; 6 – туризм және спорт; 7 – тарих, өлкетану; 8 – этномәдениеттану; 9 – химия, биология; 10 – медицина, психология, экология; 11 – информатика, робототехника SNEM инженерия; 12 – технология және өнер.
Өтетін күні мен орны туралы ақпарат қосымша беріледі.
Конкурс Ережесі «Ертіс дарыны» сайтында www.ertisdaryn.kz орналастырылған.
Ескерту: Ғылыми жетекшілер саны бір жобаға бір жетекшіден аспайды.