«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  «EL UMITI» корпоративтік қоры  7-9 сынып оқушыларын «EL UMITI Talent» атты республикалық олимпиадасынын күзгі кезеңіне қатысуға шақыратынын хабарлайды.

Олимпиада 2024-25 оқу жылында 2 тілде (қазақ, орыс) математика, физика, химия, биология, география, ағылшын тілі, информатика және Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтеді. Олимпиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен (смартфон, Яндекс колонка, смарт сағат) марапатталып, финалистер «El Umiti 2025» жазғы білім беру лагеріне тегін жолдама алу мүмкіндігіне ие бола алады. Сонымен қатар, финалистерді дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар және «Smart Ustaz» платформасында 20% жеңілдікпен курстан өтуге сертификаттар  берілетін болады.

Олимпиаданың өту мерзімі:

  • 1-20 қазан аралығы – https://ro.elumiti.kz/ сайтында олимпиадаға қатысушыларды онлайн Тіркеу;
  • 15 қазан (сағ.10:00-ден) – 20 қазан (сағ. 22:00-ге дейін) аралығы – Іріктеу кезеңі;
  • 28 қазан (сағ.10:00-ден) – 1 қараша (сағ. 22:00-ге дейін) аралығы– Жартылай финал;
  • 11 қараша (сағ.10:00-ден) – 15 қараша (сағ. 22:00-ге дейін) аралығы – Финал.

Similar Posts