Өтетін күні: 16 қазан 2024 жыл
Өтетін жері: Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей -интернаты (Катаев көшесі, 63).
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар VІІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өткізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушысы облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығы болып табылады.
Конкурстың мақсаты: туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және кұндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Конкурстың негізгі міндеттері:
— өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау;
— туған өлкенің тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;
— оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен ізденулерін қолдау;
— тұған жеріне, өз қаласына, ауылына деген сүйіспеншілігін зердеулі арқылы достарына түсіндіру.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз Өскемен қаласында 27-29 қазан аралығында өткізілетін республикалық кезеңге қатысады.
Конкурс бағдарламасы:
9.00 – 9.30 – қатысушыларды тіркеу
9.30 – 13.00 – конкурстың өткізілуі
Қосымша ақпаратты келесі мекенжайдан алуға болады: Павлодар қ., Мәшһур-Жүсіп , қ, 189 тел. 65-65-12.