Қазақстан Республикасының ұлттық мереке мәртебесіне орай туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау мақсатында 9-10 сынып оқушылар арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар Республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңі 2024 жылдың 16 қазанында облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында өткізілді.
Конкурсқа облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 79 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын -59, орыс тілінде — 20.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).
«Менің шағын Отанымның болашағы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен Ақтоғай ауданы, Қ.Ыдырысов ат.жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Рашитова Аяулым; ІІ дәрежелі дипломымен Екібастұз қаласы №11 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Амангелдиева Гулзат және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Мокина Дарья; ІІІ дәрежелі дипломымен «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Қадырхан Нұрлан, Павлодар қаласы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Тоқтасын Софья марапатталды.
«Шағын Отанымның символы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Болат Алмат және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Рогачевская Софья; ІІ дәрежелі дипломымен Баянауыл ауданы Ж.Аймаутов ат.жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Тасыбаева Мөлдір, Павлодар қаласы №11 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Адгезалова Арина, «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Амантай Інжу және Тереңкөл ауданы А.Н.Ёлгин ат. №1 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Рахмет Аружан; ІІІ дәрежелі дипломымен Май ауданы Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Еркен Аружан, Екібастұз қаласы №35 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Кокпасова Альбина, Қ.Сәтбаев ат.дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Нуриденов Мансур және Аққулы ауданы Аққулы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Жұмабай Аружан ие болды.
«Менің шағын Отанымның тарихы » номинациясы бойынша І дәрежелі дипломымен Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Бекенова Алсу; ІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Носик Никита, Аққулы ауданы С.Сатыбалин ат.жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Иманкулова Анель, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Суворов Артур; ІІІ дәрежелі дипломымен Железин ауданы №1 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Иманбалинова Диана, Ақтоғай ауданы Абай ат. жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Умирова Маржан, Баянауыл ауданы Лекер жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Айханов Асқар және «Жас Дарын» мамандандырылған лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Нурпейсова Диана және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интерантының 10 сынып оқушысы Конрад Юлия иеленді.
«Менің шағын Отанымның шыққан тұлғалар» (эссе жазу) номинация бойынша І дәрежелі дипломымен Железин ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Сейплденова Амира; ІІ дәрежелі дипломымен Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Байзолова Инабат және Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Кабдуалиева Карима; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Кожабекова Тахмина; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Алмасхан Ерасыл, Екібастұз қаласы №7 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы Муканова Раушангуль және Қ.Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Иглымхан Жанерке және Баянауыл ауданы Ә.Марғұлан ат. жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Аужанова Жансая және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интерантының 9 сынып оқушысы Мусанова Медея марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан республикалық кезеңге қатысады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts