Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының негізінде 2024 жылғы  27-29 қазан аралығында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар  VІI республикалық зияткерлік конкурсы өткізілді.

Конкурс екі турда өткізілді: І – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест орындау; ІІ – 4 номинация бойынша: «Менің шағын Отанымның тарихы» – елді мекенннің тарихын бейнефильм форматында ашу; «Шағын Отанымның символы» – тұған өлкесіне деген сүйіспеншілікті білдіретін жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация немесе бейнефильм форматында баяндау; «Менің шағын Отанымның болашағы» – нысан макетімен таныстыру; «Менің шағын отанымнан шыққан тұлғалар» – өз елді мекені туралы эссе жазу.

Павлодар облысынан конкурсқа облыстық кезеңінің жеңімпаздары – Май ауданы  Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Бекенова Алсу, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Болат Алмат, Екібастұз қаласы  №11 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Амангелдиева Гулзат, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Байзолова Инабат қатысты.

Конкурс қорытындысында ІІ орынға ие болған облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Болат Алмат және Екібастұз қаласы  №11 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Амангелдиева Гулзат.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts