Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасы бойынша «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әзірлеуімен 2024 жылғы 20 қарашада екінші рет облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының ұлттық рухани, әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру; Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау; ақын шығармаларына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқау келесі төрт бағыт бойынша өтті: «Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» – Шәкәрімнің өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқу; «Ән – өлшеуіш, өлең – күміс» – ақын әндерін орындау; «Арыңның болсын өлең айнасындай» – жас ақындар сайысы; «Шәкәрім әлемі» – ақынның шығармашылығына, рухани болмысына қатысты ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазу.

Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 44 оқушы қатысты. 

Сайыс қорытындысы бойынша 30 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 5, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 15.

«Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» бағытында І дәрежелі дипломмен – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Қайролла Арайлым; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 7-сынып оқушысы Зиада Данагүл;  Тереңкөл ауданы Аққайың ЖОББМ 8-сынып оқушысы Әбдіғани Үкілім; ІІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. Абай атындағы №28 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жанат Лаура; Успен ауданы Абай атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Қабыл Үміт; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 6-сынып оқушысы Хуат Еркебулан марапатталды.

«Ән – өлшеуіш, өлең – күміс» бағытында І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №17 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жансағын Жадыра; ІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Рахим Інжу; Ақсу қ. Абай атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Майданова Аянат; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Чистова Алиса; ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №40 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Хайрол Ерасыл; Тереңкөл ауданы Қызылтаң ЖОББМ 11-сынып оқушысы Сағынтай Адия; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жанғазы Нұрайым; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Кайриденова Жания ие болды.

«Арыңның болсын өлең айнасындай» бағытында І дәрежелі дипломды – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Ерсін Асылбек; ІІ дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Айтжанов Адлет; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. Қ. Бекқожин атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Мұрат Заңғар; Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Курманшаравқызы Гаухар; Аққулы ауданы Аққулы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Нұрсейіт Отанбек; Шарбақты ауданы Шегірен ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дандий Айнара иеленді.

«Шәкәрім әлемі» бағытында І дәрежелі диплом иегері: Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ағынқызы Сымбат; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Кусаинова Мадина; ІІ дәрежелі диплом – Павлодар қ. Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Ұзақбай Жансұлу; ІІІ дәрежелі диплом – Екібастұз қ. Байет ЖОББМ 11-сынып оқушысы Тамашбай Гүлнұр; Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ 9-сынып оқушысы Блялова Асель; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Кабир Дания; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Алпысбай Айару.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts