Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2024 жылғы 27 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Облыстық конкурсқа 16 секция бойынша 269 жобамен 340 оқушы қатысты: физика, жер және ғарыш туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі. Биылғы оқу жылында ең танымал секциялар: «Тіл білімі» — 74 қатысушы; «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» — 30 қатысушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 340 қатысушы 269 жобамен 200 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І дәрежелі дипломымен – 27 оқушы , ІІ дәрежелі дипломымен – 51 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломымен – 122 оқушы  марапатталды.

Қорытынды

        

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts