Астана қаласында 2024 жылғы 26-30 қараша аралығында республиканың ауылдық мектептерінде оқитын 9-11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті.
Республикалық кезең дәстүрлі форматта екі турда өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Павлодар облысын республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша 21 оқушылар құрамасы қатысты. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысы оқушыларының құрама командасы 9 медаль, оның ішінде 1 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Республикалық білім беру ұйымдары арасында ІІІ жалпыкомандалық орын алып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2024» атағына ие болды.
І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен «биология» пәні бойынша Шарбақты ауданының № 3 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Дарья Хлобышева (мұғалім — Айгүл Набиевна Сыздықова) марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальдармен «география» пәні бойынша — Асқар Айханов, Баянауыл ауданы Лекер орта мектебінің 9 сынып оқушысы (мұғалім — Анар Мадениетовна Намазова), Егінбай Надир, Павлодар қаласы Кенжекөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы (мұғалім — Майя Амангелдіқызы Құдайбергенова), Бабаханова София, Томарлы ауылы ЖОББМ 10 сынып оқушысы Тереңкөл ауданы (мұғалім — Махаббат Сембайқызы Садықова), Сәдуақасов Жандос, Шарбақты ауданының гимназиялық сыныптары бар орта мектептің 11 сынып оқушысы (мұғалім — Татьяна Ивановна Марюха) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальдармен «биология» пәні бойынша — Ерболат Ислам, Теренкөл ауданы А. Текенов атындағы № 2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы (мұғалім — Наталья Леонидовна Абиева), Айбек Айдынгул, Павлодар ауданы Заря ЖОББМ 11 сынып оқушысы (мұғалім — Рысжан Қабышқызы Дәулетбаева); «информатика» пәні бойынша — Рахимов Аян, Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы (мұғалім — Олжас Тасболатұлы Айтмағамбетов), Құсанов Имран, Павлодар қаласы № 38 ЖОББМ 6 сынып оқушысы (мұғалім — Ерсай Соян). Құсанов Имран «Ең жас қатысушы» сертификатымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.