Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 6 желтоқсанда 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Маңызды іс-шараның басты мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы); «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау); «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу); «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» (тұлғалар туралы деректерді талдау); «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» (тұлғалар туралы деректерді талдау).

Шараға 3 қала мен 10 ауданның жалпы білім беру ұйымдарынан және 11 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 68 оқушы қатысты.

Торайғыров Университеті және Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ғалымдарынан, тілшілер мен ақындардан құрылған қазылар алқасының шешімі негізінде 37 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 5, І орын – 5; ІІ орын – 10, ІІІ орын – 17.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген» (ақындар мүшәйрасы) бағытында Бас жүлдені – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан; І дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. қазақ ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; ІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. Ә.Бөкейхан ат лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Жылкайдарова Сана; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 9-сынып оқушысы Сағидолла Мансұр; ІІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Курманшаравқызы Гаухар; Аққулы ауданы Аққулы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Нұрсейіт Отанбек; Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 9-сынып оқушысы Амангелді Фатима иеленді.

«Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау) бағытында Бас жүлдеге – Баянауыл ауданы М.Ж. Көпейұлы ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Исабек Нұралы; І дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №25 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Темирболатов Надир; ІІ дәрежелі дипломға – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Темірбек Сара; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Қалмахан Жасмин; ІІІ дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №5 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Слямғали Құндыз; Ақсу қ. Б. Момышұлы ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Серікболқызы Аяулым; Ақтоғай ауданы Қ. Нығманов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Елубай Динара ие болды.

«Білімді зерек адам болам!» — десең…» (эссе жазу) бағытында Бас жүлдемен – Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым; І дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Бөкен Айша; ІІ дәрежелі дипломмен –«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жұман Дана; Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Партияқызы Арайлым; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. Абай ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Аманбай Аяулым; Тереңкөл ауданы Аққайың ЖОББМ 9-сынып оқушысы Түгелбай Инабат; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Қалқаман Ильнара; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9-сынып оқушысы Серканатова Дамели марапатталды.

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағытында Бас жүлде иегері – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Орал Гульден; І дәрежелі диплом – Екібастұз қ. №11 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Муратова Арай; ІІ дәрежелі диплом – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Жүсіп Бөрібай; Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Сабиганова Аружан; ІІІ дәрежелі диплом – Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 10-сынып оқушысы Акишева Зарема; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Кубайдулина Аяжан; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Алымуддин Арифуллах.

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағытында Бас жүлдені иеленген – Шарбақты ауданы Шегірен ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ахат Томирис; І дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №33 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Игілік Нұрай; ІІ дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Абай ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Уахитова Назерке; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Берік Мансур; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Құлтан Темірлан; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Шорман Еркежан; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Мұрат Мұса; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Тлеуғали Айболат.

Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts