Астана қаласында 2024 жылғы 11-13 желтоқсан аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиада өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 400-тан астам дарынды ауыл мектептерінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндері бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, өз деңгейлері мен дағдыларын көрсете білді.
Республикалық кезең дәстүрлі форматта екі турда өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысы оқушылары 3 медаль, оның ішінде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. І дәрежелі дипломымен Ақсу қаласы, Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Сулайманова Дильбархон (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні мұғалімі — Темирбаева Айнур Баурбековна); ІІ дәрежелі дипломымен Май ауданы, Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Хуттымбек Ерасыл (Қазақстан тарихы, мұғалімі — Бакауова Назира Отарбаевна) марапатталды. ІІI дәрежелі дипломына Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Морош Анастасия (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі — Аринова Динара Холдаровна) ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

 

 

            «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

 

Similar Posts