Алматы қаласында оқушылар арасында информатикадан XVI Еуразиялық олимпиада аяқталды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты-оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ең дарынды жастарды анықтау.
Қорытынды турға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 77 командадан тұратын 231 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Ермек Әділ ҚР Білім Министрлігінің I дәрежелі дипломымен және алтын медальмен марапатталды, 39 жүлдегер II дәрежелі дипломдармен, Күміс медальдармен және 54 қатысушы III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды.