Өтетін күні: 2025 жылғы 6-8 қаңтар аралығында
Өтетін орны: Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебі (Ш.Айманов көшесі, 37).

Облыстық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі: 2025 ж. 9 қаңтар сағат 11.00, Естай атындағы ҚМС

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024-2025 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен тәжірибелік ептілігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды іріктеу және дайындау, еліміздің білім беру беделін арттыру.
Олимпиада 15 пән бойынша жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Олимпиадаға облыстың 3 қаласынан, 10 ауданынан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 26 команда құрамында 752 оқушы қатысады.
Ең көп қатысушы келесі пәндерде: ағылшын тілі – 86 оқушы, Қазақстан тарихы — 78, биология — 77.

Өтетін күні: 2025 жылғы 6-8 қаңтар
6 қаңтар І тур (екі бағыт бойынша)
7 қаңтар ІІ тур (екі бағыт бойынша)
8 қаңтар апелляция (екі бағыт бойынша)
Өтетін орны: Павлодар қаласы № 35 ЖОББМ (Ш. Айманов к., 37).

Тіркеу уақыты 9.00-9.30
Басталуы – 10.00
Қосымша ақпарат алу үшін: Павлодар қ. «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189) тел. 87056112544.

Similar Posts