«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «EL UMITI» корпоративтік қоры ағымдағы жылғы 23 желтоқсан айынан 2025 жылдың 23 қантарына дейін «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты әдеби дикторлар байқауын өткізетінін хабарлайды.
Байқау Абай Құнанбаев мұрасын жастар арасында кеңінен таратуға, қазақ халқының әдеби мұрасына қызығушылықты дамытуға, қатысушылардың оқу мәдениеті мен шешендік шеберлігін арттыруға бағытталған.
Байқауға 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылар қатыса алады, қатысу тегін. Байқау шарттарына сәйкес қатысуға ниет білдіргендер өздерінің өтінімдері мен бейнежазбаларының сілтемесін contest@elumiti.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Байқау нәтижелері 2025 жылдың 28 қантарында https://elumiti.kz/ ресми сайтында жарияланады. Жеңімпаздарға дипломдармен құнды сыйлықтар табысталады.

 

Similar Posts