2025 жылғы 7-8 қаңтарда Алматы қаласында мамандандырылған білім беру ұйымдарынына арналған «Daryn FIRST Championship» – Роботтар фестивалі өтті. Фестивалді Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Foundation» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Шараға 1 200-ден астам оқушы қатысты.
Daryn FIRST Championship — бұл жай ғана жарыс емес, болашақ инженерлер мен бағдарламашылардың нақты жолы. Мұнда қатысушылар бірегей тәжірибе алады, командада жұмыс істеуді, өз идеяларын дамытуды және қиындықтарды жеңуді үйренеді.
«CHALLENGE» санатына 74 команда қатысты. Павлодар облысының дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының командасы (Джумабек Мансур, Мокина Дарья, Жукин Алихан, Бақтияр Әлмырза, Жумангалиева Ясмин, Швайцер Ян, Тоқан Алтынбек жаттықтырушы Ли А. О.) жақсы нәтиже көрсете алды. Бұл жетістік-үлкен еңбектің, білімнің және кемелдікке ұмтылудың нәтижесі.
Роботтар фестивалінің қорытындысы бойынша «RIFFMAKERS» облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының командасы Алматы қаласында 2025 жылғы ақпан айында өтетін Робототехника бойынша Халықаралық чемпионатына жолдама алды.
Алға, жаңа жетістіктерге!