«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы ақпан айында ІХ жаратылыстану-математикалық бағыты және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадаларын өткізуді жоспарлайды.
Олимпиадаларға әр пән бойынша 7 және 8 сыныптардан бір оқушы (математика, физика, химия, биология, география, бағдарламалау) бекітілген квотаға сәйкес қатысуға шақырылады. Жасөспірімдер олимпиадасының өтетін күні мен орны қосымша берілген. Әр пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаз Қ. Сәтбаев атындағы аймақтық олимпиадасына жолдама алады.
ІХ жаратылыстану-математикалық бағыты және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадаларының кестесі