«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 16 қаңтарда «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

     Шараға 3 қала, 10 ауданның жалпы білім беру және 11 мамандандырылған мектептердің 8-11 сыныптарынан 90 оқушы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша 44 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 6, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 23.

     «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) бағытында I орын – Павлодар қ. №7 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Әсет Альтаир; ІІ орын – Шарбақты ауданы Александровка ЖОББМ 9-сынып оқушысы Базарбай Сая; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Айгожина Жанерке; ІІІ орын – Екібастұз қ. №12 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ахметқалиева Айтолқын; Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ 10-сынып оқушысы Маратқызы Нұрдана; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Гизатова Жаннур; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Мүбәрак Сенім. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас ақындар сайысы) бағытында Iорын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Даулетқан Айсұлтан; ІІ орын – Аққулы ауданы А. Баймұлдин атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Кәдірбек Ұлар; Ақтоғай ауданы Шідерті ЖНББМ 9-сынып оқушысы Жастлекова Балнұр; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Охиттан Нұриден; ІІІ орын – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; Баянауыл ауданы З. Ақышев атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Райымбек Сағыныш; Ертіс ауданы Бірлік ЖНББМ 8-сынып оқушысы Серікбай Аянат; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия 9-сынып оқушысы Сағидолла Мансұр. «Көңілім әнді ұғады» (Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау) бағытында I орын – Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тулеубекова Динара; ІІ орын – Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Хумарбек Мақсат; Май ауданы Малайсары ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жолдыбай Інкар; Шарбақты ауданы гимназиялық сыныптары бар ЖОББМ 11-сынып оқушысы Фоменко Александра; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Кабир Дания; ІІІ орын – Железин ауданы №1 ЖББОМ 8-сынып оқушысы Нуриден Расул; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсенбай Дана; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Балтабек Арайлым; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Тұрсын Арайлым. «Абайдың қара сөздері» бағытында I орын – Шарбақты ауданы А.Құнанбаев ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина; ІІ орын – Павлодар қ. №29 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сакенова Жанель; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Марат Аянат; ІІІ орын – Екібастұз қ. С. Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрқасым Аянат; Ақсу қ. М.Қабылбеков атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Аманкелд Алтанхан; Май ауданы Ақшиман ЖНББМ 9-сынып оқушысы Ербол Нұрислам; Павлодар ауданы Заңғар ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жұмабек Сабина. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында I орын – Успен ауданы Қаратай ЖОББМ 9-сынып оқушысы Смағұл Мәдияр; ІІ орын – Май ауданы Е. Мұқашев ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бейсенбаева Сулужан; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Қайролла Арайлым; ІІІ орын – Баянауыл ауданы Қаражар ЖНББМ 9-сынып оқушысы Серікбай Ляйля; Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ 10-сынып оқушысы Каирбекова Аяжан; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Саду Ислам. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» бағытында I орын – Шарбақты ауданы Хмельницкий ЖОББМ 9-сынып оқушысы Азамат Каусар; ІІ орын – Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Ботпай Аяжан; Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Нағашыбай Гүлжан; ІІІ орын – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Орал Гульден; Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ракишева Амина.
Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы