Астана қаласында 2025 жылдың 13-17 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді.

     Олимпиада алғаш рет 2005 жылы өткізіліп, 20 жылдан бері Казақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен сәтті өткізілуде.

     Шараға әлемінің 15 елінен 700 оқушы қатысты, оның ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Болгария, Румыния және Үндістан мемлекеттерінен.

    Олимпиада мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және ІТ білімдерді насихаттау, физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымастықты дамыту.

  Олимпиадаға облысымыздың облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары — 9 оқушы қатысты, оның ішінде 7-і Павлодар облысының құрама командасынан, бір оқушы Қазақстан Республикасы құрама командасының және «BILIM- ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының мүшесі бір оқушысы бар.

    Зияткерлік сайыс қорытындысында физика пәнінен күміс медаль иегері – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Рудик Иван (мұғалімі Билида А.Н.); математика пәнінен қола медальге 10-сынып оқушысы Шубладзе Юрий (мұғалімі Стадникова Л.В.) ие болды; физика пәнінен қола медальмен 10-сынып оқушысы Мальцев Григорий (мұғалімі – Билида А.Н.) және дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Кабдуллов Нурали (мұғалімі Дулатұлы Е.) марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы