«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында 2025 жылғы 23 қаңтарда «Robotеk Grand Tournament» атты республикалық чемпионатының (бұдан әрі – Чемпионат) облыстық кезеңін «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» (Павлодар қ., Ломов көшесі, 38) өткізеді.
Чемпионаттың ережесі https://rgt.robotek.kz/ сайтында орналасқан. Қатысушыларда өзімен бірге болуы тиіс:
1. Дайын робот
2. Роботқа арналған бағдарлама
3. Ноутбук (қуаттаушы + тінтуір)
4. Фильтр -1 дана
5. ЕV3-ке арналған қуаттаушы және 2-3 қуатталған батарейка
6. Роботқа арналған қажетті бөлшектер
7. Ауыз су, ауыстыратын аяқ киім
8. Бейдж (қатысушының аты-жөні, команданың атауы)
Қатысушыларды тіркеу 09.00-дан 09.30 дейін.
Турнир сағат 09.30-да басталады.