«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы  оқушылардың әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу мақсатында, сондай-ақ оқушылардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін ынтыландыру үшін 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) 2025 жылғы наурыз айында  өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурстың ережесі www.ertisdaryn.kz  сайтында орналасқан.

Ережеге сәйкес конкурс 3 кезеңмен өткізіледі:

          I кезең:  аудандық (қалалық),

          II кезең:  облыстық (іріктеу),

          III кезең:  республикалық (қорытынды).

               Облыстық кезеңге қатысу үшін аудандық, қалалық білім бөлімдері мен мамандандырылған мектептер 8 үздік жұмысты жібереді (әр бағыт бойынша 2 жоба).

Конкурс 4 бағыт бойынша өткізіледі:

  1. «Туған өлке табиғаты» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);
  2. «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);
  3. «Үздік экологиялық бастама» – 2 қатысушыдан аспайтын 2 командалық жобамен (1 жоба — 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып);
  4. «Таза қала сізден басталады» – 2 жеке жобамен (1 жоба – 5-6 сынып, 1 жоба – 7-8 сынып).

Білім беру ұйымдары басшыларының қолы қойылған өтінім, екі тілде Ехсеl-дегі электрондық нұсқасы, ertis_daryn_pvl@mail.ru поштасына 2025 жылғы 21 ақпанға дейін жіберу қажет.

Облыстық кезеңінің өтетін күні мен орны кейін хабарланады.