«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы 2025 жылғы олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 науырыздағы № 53 «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» атты республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты бекіту және ұйымдастыру комитетін құру туралы бұйрығына сәйкес өткізілетінің хабарлайды.
27 қаңтар мен 10 наурыз аралығында олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін алғыс хаттар алу мақсатында, мұғалімдер олимпиаданың ресми сайтында https://1000bala.elumiti.kz тіркелуі өтеді.
10 ақпан мен 10 наурыз аралығында жоғарыда аталған олимпиаданың ресми сайтында оқушыларды тіркеу жүреді.
Олимпиадаға ауыл мектептерінің 6 сынып оқитын оқушылары қатыса алады.
Олимпиада, Олимпиаданың ресми сайтында https://1000bala.elumiti.kz прокторинг қызметін қолдана отырып оnline режимінде екі кезеңмен өтеді:
- I кезең 01 сәуірден 10 сәуір аралығында;
- II кезең 28-30 сәуір аралығында.
I – кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 5000 қатысушы II – кезеңге өте алады.
Осыған орай, өңірдегі ауыл мектептері оқушыларына олимпиадаға қатысу туралы ақпаратты қамтамасыз ету қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Олимпиада үйлестірушісі Курманкулова Динара Рахметовна 8 777 957 80 32; call center 8 727 310 02 58 телефондары арқылы хабарласуға болады.