«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28 қаңтарда «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.

Жарыс мақсаты мен міндеттері: роботтарды құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялардағы дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау; спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету; балалардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру.

Чемпионат келесі 7 санаты бойынша өткізілді:

1.     Роботек (2012-2016 ж.т.);2.     Инверстік сызық бойымен жарыс (2012-2016 ж.т.);3.     Жеткізуші робот (2012-2016 ж.т.);4.     Мерген (2008-2011 ж.т.); 5.     Туды жеткізу (2008-2011 ж.т.);6.     Сұрыптаушы робот (2008-2011 ж.т.);

  1. РобоБаскетбол (2008-2016 ж.т.)

Жарысқа 53 команда құрамында 106 оқушы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша  34 команда құрамында 68 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды: І – 7 команда, ІІ – 13 команда, ІІІ – 14 команда.

Өз санаттарында І орын алған  қатысушылар 2025 жылғы 5-6 мамырда Астанада өтетін  халықаралық «Robotek Grand Tournament»  чемпионатына Павлодар облысының намысын қорғайды.

Жеңімпаздар тізімі

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы