Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 28 — 30 қаңтар күндері 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХ республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты — балаллардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен 212 жобамен 265 жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, оның ішінде Павлодар облысынан 12 жоба (16 оқушы) қатысты. Конкурс 5 секция бойынша өткізілді: информатика, робототехника, STEM инженерия; математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология.
Конкурстың қорытындысы бойынша оқушылар 11 жүлделі орынға ие болды: І орын – 5 оқушы; ІІ орын – 2 ІІІ орын –4, Құрмет грамотасы — 4.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы