«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 30 қаңтарда «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінде 7-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға 3 қала, 10 ауданның жалпы білім беру ұйымдары мен 7 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 34 оқушы қатысты.

Сайыс үш бағыт бойынша жүргізілді: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды; «Жыр эстафетасында» қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп, жатқа оқыды; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында жас ақындар өз туындыларымен таныстырды.

Оқулар қорытындысы бойынша 21 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І орын – 3, ІІ орын – 7, ІІІ орын – 11.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?»  атты ақын өлендерін жатқа оқу бағытында  І дәрежелі дипломмен – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Аманбек Нұрсәуле; ІІ дәрежелі дипломмен – Теренкөл ауданы Песчан №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сембай Бекзат, Баянауыл ауданы З.Ақышев ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Ермекқызы Альмира, Ақсу қ. Ы.Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сетерғазыұлы Ақтілек; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. № 29 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сансызбай Нұрай, Ертіс ауданы Абай ЖОББМ 9-сынып оқушысы Қошман Гүлім, Май ауданы Е.Мұқашев ат. орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бейсенбаева Сұлужан, Екібастұз қ. №25 ҚҚГ 10-сынып оқушысы Елубай Зере, Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып  Бейсембаева Аружан марапатталды;

«Жыр эстафетасы» атты поэмаларын жатқа оқу бағытында І дәрежелі дипломға –  Екібастұз қаласы Байет ЖОББМ 9-сынып оқушысы Әсетай Бейбарыс;

ІІ дәрежелі дипломға – Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің 10-сынып оқушысы Маратқызы Нұрдана, Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жұматай Жансая; ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. № 30 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Айдын Айман; Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ 10-сынып оқушысы Болатпай Хайша ие болды;

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» атты жас ақындар бағытында І дәрежелі дипломмен – Шарбақты ауданы Есілбай ЖОББМ 8-сынып оқушысы Махамбет Алинур;ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Тұрсынбекова Айым, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Даулетқан Айсұлтан;  ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ., Ы. Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт, Ертіс ауданы Панфилов ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бақыт Рустем, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Қайрат Алдияр, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынығ 9-сынып оқушысы Айтжанов Адлет марапатталды.

Облыстық конкурстың І дәрежелі дипломдарынның иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы