Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 3 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бағыты бойынша XІV облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 28 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып — 10 , 8 сынып – 18.

Олимпиада қорытындысында бағдарламалау бағыты бойынша 13 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 2, ІІ дәрежелі дипломына – 4, ІІІ дәрежелі дипломына – 7 оқушы ие болды.

Хаттама