Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 4 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша XІV облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.
Шараға 58 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып — 31 , 8 сынып – 27.
Олимпиада қорытындысында бағдарламалау бағыты бойынша 13 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 4, ІІ дәрежелі дипломына – 4, ІІІ дәрежелі дипломына – 5 оқушы ие болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы