Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 7 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша XІV облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 44 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып — 20 , 8 сынып – 24.

Олимпиада қорытындысы бойынша 14 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, І дәрежелі дипломына – 2, ІІ дәрежелі дипломына – 8, ІІІ дәрежелі дипломына – 4 оқушы иеленді.

Хаттама

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы