Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 11 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында химия пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.
Шараға 33 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып оқушылары — 14 , 8 сынып – 19.
Олимпиада қорытындысы бойынша 7 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 2, ІІ дәрежелі дипломына – 3, ІІІ дәрежелі дипломына – 2 оқушы және 3 оқушы Құрмет грамотасына ие болды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

