Павлодар облысында 9-11 сынып  оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңі 2025 жылғы 12 ақпанда онлайн режимде республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өткізілді. Олимпиадаға 229 оқушы тіркеліп ағылшын тілінде тапсырмалар орындады.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттылу, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.

Өту форматы: 50 сұрақтан құрастырылған тест.

Берілген уақыты: 90 минут.

Бірінші кезеңнің нәтижесі: 2025 жылғы 19 ақпанда.

Республикалық есепте ең көп ұпай жинаған  үздік 100 қатысушы екінші кезеңге өтеді.