2025 жылдың ақпанның 17-сі күні қаржы және экономикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі онлайн режимде Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің базасында өткізілді. Олимпиадаға облыс мектептерінің 29 оқушысы қатысты. Өткізу кезінде оның ашықтығын және академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында кабинеттерде бейнебақылау іске асты. Жұмыстарды бағалау жүйесі IEO бағалау жүйесіне сәйкес: бір дұрыс жауап үшін 4 балл беріледі, бір бұрыс жауап үшін 1 балл шегеріледі.
Олимпиаданың 3-ші республикалық кезеңіне жолдама алғандар тізімі 21 ақпан күні белгілі болады.