Ақпанның 13-14  аралығында Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің базасында қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиаданың  (EGMO) республикалық кезеңі өтті. Зияткерлік жарысқа  облысымыздан 4 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша, жалпы 107 қатысушының ішінен, республикалық командаға № 8 лицей-мектебінің 10  сынып оқушысы Юлия Катунина (мұғалімі — Стадникова Лилия Викторовна) өтті . Төрт қатысушыдан тұратын команда EGMO халықаралық олимпиадасында Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын болады. Құтты болсын!!!