Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 19 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында физика пәні бойынша XІV облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.
Шараға 46 оқушы қатысты, оның ішінде 7 сынып — 23 , 8 сынып – 23.
Олимпиада қорытындысы бойынша 6 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ дәрежелі дипломына – 1, ІІІ дәрежелі дипломына – 4 оқушы иегер болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы