«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалардың конкурсының облыстық кезеңін 2025 жылғы 4 наурыз күні Павлодар қаласы Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында (Малайсары батыр көш., 3) өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік — шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.
Конкурс ережелері www.ertisdaryn.kz «Ертіс дарыны» сайтында орналастырылған. Ескерту: Қатысушының жұмысы электрондық тасымалдауда өзімен бірге болу тиіс. Тіркеу: 13.00-13.30-ға дейін, конкурстың басталуы сағат 14.00-де