Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан мемлекеттік тілді қолдау мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты бірлесіп, 2025 жылғы 21 ақпанда жалпы білім беру оқу орындарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 7-11 сыныптарынан 145 оқушы қатысты, оның ішінде 39 – өзге ұлт өкілдері.

Сайыс қорытындысы бойынша 58 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 8, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 30.

«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу) бағытында I орын – Ақтоғай ауданы Ж. Тіленшін ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ермуратова Альфинур; Екібастұз қ. №9 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Ишкова Елизавета; ІІ орын – Павлодар қ. №40 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Шуленова Аделя; Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Берлікқызы Заира; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналган лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдажар Әнел; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Аканова Ясира; Павлодар қ. А. Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Кулагина Елизавета; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналган лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Осипов Роман; ІІІ орын – Железин ауданы Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Нурсарина Гульнур; Павлодар ауданы №2 Чернорецк ЖОББМ 10-сынып оқушысы Абылғазы Санжар; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Жакупбай Елжан; Ақсу қ. №7 орта мектебі 10-сынып оқушысы Бабченко Анастасия; Ақтоғай ауданы С. Мүткенов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Парфёнова Виктория; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Бурматова Тамара.

«Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер, жаңылтпаш бойынша сайыс) бағытында I орын – дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Жумабаева Адина; ІІ орын – Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы  Калмахан Жасмин; Екібастұз қ. №18 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Расулова Элиза; ІІІ орын – Павлодар қ. №25 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Қадыр Дәрия; Ақтоғай ауданы Естай ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Мамыр Ажар; Баянауыл ауданы Сұлужон ЖОББМ 8-сынып оқушысы Тәртіпхан Құралай; Ертіс ауданы Панфилов ЖОББМ 11-сынып оқушысы  Солдатхан Айсұлу; Успен ауданы М. Мәметова ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қызырбек Есіл; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 10-сынып оқушысы Жетпис Баян; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналган лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сағит Әмина; Баянауыл ауданы №2 Майқайың ЖОББМ 7-сынып оқушысы  Ржанова Виктория.

«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс) бағытында I орын – Павлодар қ. Ә.Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым; Ертіс ауданы Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ 7-сынып оқушысы Ирисвоев Ибрахим; ІІ орын – Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан; Ақтоғай ауданы М. Қайырбаев ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Құрманғазы Айзада; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Болат Алмат; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналган лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Конрад Юлия; ІІІ орын – Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. ЖОББМИ 10-сынып оқушысы Жумаканова Айым; Успен ауданы М. Мәметова ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Қайролла Айбота; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мамырбекқызы Іңкәр; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7-сынып оқушысы Кенжахан Жансұлу; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Оразбекова Бахия.

«Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу) бағытында I орынШарбақты ауданы А. Құнанбаев ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Саидакрамова Малика; ІІ орын – Ақсу қ. Достық ЖОББМ 9-сынып оқушысы Хавдулин Әсел; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 7-сынып оқушысы Сақтаған Нұрай; Ертіс ауданы Ш.Уәлиханов ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Шамшиматов Асрарбек; ІІІ орын – Екібастұз қ. №11 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Амангелдиева Гулзат; Баянауыл ауданы М.Ж. Көпейұлы ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Исабек Нұралы; Павлодар ауданы №1 Чернорецк ЖОББМ 8-сынып оқушысы Төлеухан Еркежан; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Асыл Дильназ; Баянауыл ауданы Ш. Шөкин ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Андрианова Снежана.

«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту) бағытында I орын – Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тулеубекова Динара; ІІ орын – Павлодар қ. Б.Момышұлы ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Рахим Інжу; Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Смағұл Ансар; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналган лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Балтабек Арайлым; Шарбақты ауданы гимназия сыныптары бар ЖОББМ 11-сынып оқушысы Фоменко Александра; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Чистова Алиса; ІІІ орын – Аққулы ауданы А. Баймұлдин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Каиргельдинова Дильнура; Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ 9-сынып оқушысы Орынберген Аягөз; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсенбай Дана; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7-сынып оқушысы Жукина Айлана; Тереңкөл ауданы А. Текенов ат. №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Савченюк Дарья; Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Чирвинская Анастасия.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық олимпиадаға қатысады.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы