«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 19-23 ақпан аралығында  Щучинск қаласы  ( Ақмола облысы)   2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобаларының республикалық «Зерде»  конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі  өтті. Конкурстың негізгі мақсаты — балаллардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен  382-ден астам  жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, оның ішінде Павлодар облысынан 15 жоба (19 оқушы) қатысты. Конкурс 7 секция бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі;  медицина, психология, экология; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; технология және өнер.

Конкурстың қорытындысы бойынша оқушылар 12 жүлделі орынға ие болды:  І орын – 2 оқушы; ІІ орын – 1 ІІІ орын –9, Құрмет грамотасы — 4.

Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы