Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 26 ақпанда Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, стандартты емес ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру.
Шараға 12 мамандандырылған мектептен 38 оқушы қатысты, оның ішінде 8 сынып — 21, 9 сынып — 17.
Олимпиада қорытындысы бойынша 13 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 8.
Облыстық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2025 жылғы 14-17 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін Аягүл Миразова атындағы республикалық математикалық олимпиадасына қатысады.
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО