Атырау қаласында 2025 жылғы  25-28 ақпан аралығында   қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Байқау халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өткізілді.

 Оқушылардыңреспубликалықғылымижобалар конкурсына тарих, Адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиетсекциялары бойынша 254жобамен316оқушықатысты.

Павлодар облысын 12 жобамен 14 оқушы таныстырды – облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 10, 11 сынып оқушылары Сабиганова Аружан, Калмахан Жасмин алтынмедальменІдәрежелідипломныңиегеріатанды (тіл білімі секциясы).

Күміс медальға және ІІ дәрежелі дипломға Павлодар қаласы № 29 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Фырлова Милена ие болды (әдебиет секциясы).

Қола медальдарымен жәнеІІІдәрежелідипломдармен Павлодар қаласы Кенжекөл  жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Искандаров Алмаз (тіл білімі секциясы),  Екібастұз қаласы № 9  жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы  Попова Виолетта (өлкетану секциясы) және Май ауданы  Малайсары  жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Бекенова Алсу (этномәдениеттану секциясы) марапатталды.

 

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы