«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 28 ақпанда 2-4 сынып оқушылары арасындағы ХІІ облыстық математикалық турнирі өткізілді.

Шараның мақсаты: оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарға тиімді дайындау.

Турнирге 86 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар, Екібастұз, Ақсу ққ. жалпы білім беру ұйымдарынан – 35; аудандардан – 51.

Сайыс қорытындысында 43 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Абсолюттік жеңімпаз – 6, І орын – 10, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 16.

Екінші сынып арасында «Абсолюттік жеңімпаз» атағымен – Павлодар қ. №7 ЖОББМ оқушысы Ержембаев Асанали және Павлодар қ. «ДеТвоРа» білім беру кешенінің оқушысы Путиков Артём; І дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Ш. Шөкин ат. ЖОББГМ оқушысы Асылбек Мирас; Павлодар қ. №11 ЖОББМ оқушысы Желтоногов  Роман; «Академия успеха» №1 жеке меншік мектебінің оқушысы Палагин Макар; Павлодар қ. №6 ЖОББМ оқушысы Пичкур Савелий; ІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы Аққулы ЖОББМ оқушысы Килибаева Айару; Железин ауданы Есқара ЖОББМ оқушысы Жұмабай Айлана; ІІІ дәрежелі дипломмен –  Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің оқушысы Зейнулла Ахмет; Ақтоғай ауданы Естай ат. ЖОББМ оқушысы Мамыр Айша; Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ оқушысы Нұрбекұлы Айсұлтан; Павлодар ауданы Луганск ЖОББМ оқушысы Қани Серғазы; Екібастұз қ. №35 мектеп-гимназиясының оқушысы Крючков Максим; Екібастұз қ. №24 мектеп-гимназиясының оқушысы Утегенов Муслим марапатталды.

Үшінші сынып арасында «Абсолюттік жеңімпаз» атағына – Павлодар қ. №25 ЖОББМ оқушысы Шайман Мерғалым және Павлодар қ. №39 ЖОББМ оқушысы Хабылбеков Али Кахан; І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №24 мектеп-гимназиясының оқушысы Исламгулов Никита; Успен ауданы А.Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ оқушысы Семенченко Иван; Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев ат. ЖОББМ оқушысы Газизов Адиль; Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ оқушысы Нұриден Дияр; ІІ дәрежелі дипломға – Тереңкөл ауданы Фрументьевка ЖОББМ оқушысы Қынатбек Елдар; Екібастұз қ. С. Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің оқушысы Файздрахман Муслим; Май ауданы Көктөбе ЖОББМ оқушысы Жұман Дәрмен; Павлодар қ. Ш. Шөкин ат. ЖОББГМ оқушысы Бутенко Савелий; Аққулы ауданы Аққулы ЖОББМ оқушысы Сатай Амирхан; Баянауыл ауданы №2 Майқайың ЖОББМ оқушысы Қаныбек Асылбек; ІІІ дәрежелі дипломға – Железин ауданы М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ оқушысы Умирбек Нұрсүндет; Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің оқушысы Қаиржан Тахир; Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің оқушысы Оспан Ернұр; Ақсу қ. лицей-мектебінің оқушысы Абаев Арыстан; Железин ауданы №2 ЖОББМ оқушысы Герт Ярослав ие болды.

Төртінші сынып арасында айрықша нәтиже көрсеткені үшін «Абсолюттік жеңімпаз» атағын – Аққулы ауданы Аққулы ЖОББМ оқушысы Сансызбаев Мұхаммедәли және Павлодар қ. «ДеТвоРа» білім беру кешенінің оқушысы Мухамедияров Абулхаир; І дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. С. Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің оқушысы Сағындық Санжар; Ақсу қ. лицей-мектебінің оқушысы Асқар Алдияр; ІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. №43 ЖОББМ оқушысы Сагинаев Аскар; Тереңкөл ауданы А. Ёлгин ат. №1 ЖОББМ оқушысы Илюбаев Алимжан; Успен ауданы М. Жұмабаев ат. ЖОББМ оқушысы Бараисов Темирлан; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. №24 ЖОББМ оқушысы Қаржас Даниал; Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОББМ оқушысы Күмісбек Мәди; Май ауданы Саты ЖНББМ оқушысы Айтпай Инабат; Павлодар қ. №41 ЖОББМ оқушысы Мусин Тимур; Екібастұз қ. №24 мектеп-гимназиясының оқушысы Шумакова Виолетта иеленді.

Облыстық турнир жеңімпаздары «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасына қатысады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы