Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабылеті жоғары дарындыларды анықтау және қолдау мақсатында 2025 жылғы 4 наурызда Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсын облыстық кезеңің өткізді.
Конкурс төрт бағыт бойынша өтті:
— туған өлке табиғаты;
— мені қоршаған әлем — ғажайып әлем;
— үздік экологиялық бастама;
— таза қала сізден басталады.
Конкурстың облыстық кезеңіне аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары 75 жобамен 94 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 35 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 7 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 11 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 17 оқушы ие болды.
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары Астана қаласында 2025 жылғы сәуір айында өтетін «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне жолдама алды.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы білім додасында сәттілік тілейміз!