2025 жылғы наурыздың 12-і күні Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында 9-11 сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 1 іріктеу кезеңінен өткен 6 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттылу, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.
Өту форматы: 500 сөзден кем емес эссе.
Берілген уақыты: 120 минут.
Нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болады.