Өтетін күні: 2025 жылғы 17 наурыз, басталуы — сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Павлодар қ., № 2 ЖОББМ (Бұқар жырау көш., 9/1).
Ұйымдастырушы: Павлодар облысының білім беру басқармасы,
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу.
Олимпиада 2 тур бойынша өткізіледі:
- тур – жазбаша – эссе;
- тур – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаева өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Облыстық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.
Тіркеу уақыты: 09.00-09.30-ға дейін
Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ.,Мәшһүр Жүсіп көш., 189