Астана қаласында 2025 жылғы 11-13 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының XV Халықаралық конкурсы өткізілді.
Конкурстың басты мақсаты-математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 100-ден астам талантты 11 сынып оқушылары қатысты. Олар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» секциялары бойынша бақ сынады.
Республикалық зерттеу жобалар конкурсына облыстық кезеңінің 5 жеңімпазы мен жүлдегерінен құрастырылған Павлодар облысының командасы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша күміс медальдары мен ІI дәрежелі дипломдар иегерлері Лозинский Андрей (математика секциясы, мұғалімі Лозинская Н.В.) және Ковалев Владимир (қолданбалы математика секциясы, мұғалімі Лещенко З.И.) Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің оқушылары.
«Дарын» РҒПО-ның грамотасымен Кораблев Мансур Шақат ЖОББМ (механика секциясы, мұғалімі Искакова А.К.) марапатталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы