«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 наурызда 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға 110 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар, Екібастұз, Ақсу ққ. жалпы білім беру ұйымдарынан – 25; аудандардан – 47; дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден – 38.

Сайыс қорытындысы бойынша 58 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 8, ІІ орын – 18, ІІІ орын – 32.

«Ә. Кекілбаевтің «Тырау – тырау тырналар», «Есболай» шығармаларына иллюстрациялық сурет салу» бағытында I дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Ә.Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Молдағали Ибраһим; IІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 9-сынып оқушысы Сагинова Сандугаш; Май ауданы А. Иманов ат. ЖОББЛМ 8-сынып оқушысы Нұрәділ Дарын; Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 8-сынып оқушысы Каримова Дильнур; Екібастұз қ. ДБА №1 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Живетина Екатерина; IІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №43 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Брусенко Валерия; Ақсу қ. Абай ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Болатбеков Алтынбек; Железин ауданы Екішоқ ЖНББМ 9-сынып оқушысы Серикбаева Назерке; Шарбақты ауданы Шегірен ЖОББМ 9-сынып оқушысы Айқын Ақнар; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Ерғанат Аңсарым; Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Ахметова Софият марапатталды.

«Жазушының 1 проза, 1 поэзиялық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу» бағытында I дәрежелі диплом иегері:   Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Хамитова Амина; IІ дәрежелі диплом –    Баянауыл ауданы М.Ж. Көпейұлы ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Исабек Нұралы; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Хамзин Мади; IІІ дәрежелі диплом – Екібастұз қ. Ақкөл ЖОББМ 9-сынып оқушысы Меліс Ақниет; Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Талгатов Казбек; Ақтоғай ауданы Абай атындағы ЖББОМ 9-сынып оқушысы Жүкен Абдуррахман.

«Ә. Кекілбаевтің шығармашылығы бойынша зерделеу жоба қорғау» бағытында I дәрежелі дипломды –  дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 10-сынып оқушысы Болатбек Арайлым; IІ дәрежелі дипломды –  Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Мусабеков Береке; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Темірбек Сара; IІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. №38 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Хуаныш Мұнара; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Дошмат Айсұлтан; Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Ертайқызы Еркежан иеленді.

«Жазушының шығармаларынан сахналық қойылым көрсету» бағытында

I дәрежелі дипломға –  Екібастұз қ. №4 ЖОББМ оқушылары Асқар Аружан, Сағындық Ғали, Сандат Саяна, Маратбек Айтуар, Тұрсынбай Шыңғысхан; IІ дәрежелі дипломға – Май ауданы Майтүбек ЖОББМ оқушылары Аманжолова Жансая, Ануарбекова Аяла, Салимбаева Диана, Матаев Аблайхан, Базарбаев Мади; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары Камалиденов Ануар, Ардагелдіқызы Айшабегім, Мұсайлла Ақбота, Ерболқызы Айя, Болат Ермұрат; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушылары Рогачевский Александр, Армян Ясмин, Карим Айтуар, Арманұлы Қасым, Томатаев Абдурахман; ІІІ дәрежелі дипломға – Ақсу қ. М. Қабылбеков ат. ЖОББМ оқушылары Аманкелд Алтанхан, Тайлаков Асанали, Армия Нұртірек, Бейсекеев Аңсар, Жумажанов Алиман; Баянауыл ауданы Шадыра ЖОББМ оқушылары Айтмағамбет Дастан, Төлеутай Нұраби, Далабай Райхан, Олжатай Нұраян, Шаухатова Аяжан; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Туменбаев Алдияр, Жанғазы Нұрайым, Берекелі Алмат, Құдайберген Бекмырза, Амангелді Жұлдыз;  Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының оқушылары Қасқарбай Аружан, Касимова Аружан, Ермеков Жұлдыз, Хусман Мухамедали, Баймұратұлы Мейрамбек ие болды.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы