Ақтау қаласында 2025 жылғы 10-15 наурыз аралығында Aqtau Intenational School (AIS) жекеменшік мектебі базасында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша химия және информатика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практиқалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзің-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды аңықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.
Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 307 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты, оның ішінде химия пәні бойынша – 156, информатика пәні бойынша – 151 қатысушы.
Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың 9 оқушысы қорғады, 7 медальге ие болды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегері: дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ярослава Кравчук (химия, мұғалімі О.В. Колдашева)
Күміс медаль иегерлері: дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Бектұрсын Дария (химия, мұғалімі Молокова И.Н.); дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Ершат Іңқар (химия, мұғалімі Асқарова Г.А.).
Қола медаль иегерлері: Шотбай Айзия — дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы (химия, мұғалімі Асқарова Г.А.); Шевчук Ева — Павлодар қаласының № 29 ЖОББМ-ның 11 сынып оқушысы (химия, мұғалімі Твардовская Н.В.); Ермек Әділ — дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (информатика, мұғалімі Халыков С.Қ.); Ситдиков Юсуф — Екібастұз қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы көптілді лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (информатика, Әмірханов А.Қ.)
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы