«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 17 наурызда жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада мақсаты мен міндеттері – дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу.
Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді:
1 тур – жазбаша – эссе;
2 тур – ауызша.
Шараға облыс бойынша 5 ауданнан (Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Павлодар, Тереңкөл) және Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен 7 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен барлығы 55 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 22 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын –5, ІІ орын –7, ІІІ орын – 10.
І дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Солтанмурат Аяулым; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Жұман Дана; Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ағзап Аружан; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Тулеу Назира; Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 10 сынып оқушысы Амангелдинова Аяна марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломға Екібастұз қаласы №26 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Жазубай Нұрдәулет; Ақсу қаласы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Уахитова Назерке; дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Мамырбекқызы Іңкәр; Екібастұз қаласы №36 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Қошқарбай Інжу; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жомартова Дина; Павлодар қаласы №38 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Хуаныш Мұнара; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жетпіс Баян ие болды;
ІІІ дәрежелі дипломды Қ.Сатпаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандадырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы Калмахан Жасмин; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Сулейменова Алина; Тереңкөл ауданы Берегавая жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Қожаш Айгерім; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Кенжебек Махпал; Қ.Сатпаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандадырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Маркс Нұртас; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Хасеин Нұрхан; Павлодар қаласы Ташенов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Манай Фатима; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Нурпеисова Дайана; Баянауыл ауданы Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Дихан Сабина; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Хабдуллова Ардана иеленді.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы