Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 27 наурызда жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізіледі.
Өткізу орны: дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы (Толстой көш., 95). Өткізу уақыты: сағат 10.00. – 12.00-ге дейін.